Halyq Uni логотип
×

Қайрат Сатыбалды сыртқа заңсыз шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылды

Қаражат әлеуметтік мақсатта пайдаланылады

 Дәурен Ерболат 31.05.2023 | 17:22
Қайрат Сатыбалды сыртқа заңсыз шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылды
Фото: orda.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының Қазақстаннан заңсыз шығарылған активі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған қаражатты және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Биыл мамырдың соңында агенттік шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары және Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн долларды қайтарды. Қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсатта пайдаланылады.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты адамдардың 464 млрд теңгеден асатын мүліктік активтері мен ақшасы қайтарылды.

Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама