Жасөспірімдер қаладағы №128 мектепте оқиды
Шымкентте оқушылар суға батып бара жатқан баланы өлімнен құтқарды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 10 мамырда Шымкент қаласы Игілік тұрғын үй алабында болған. Бір топ бала Бадам өзеніне шомылуға барып, 6 жасар баланың суға батып бара жатқанын көрген. Олар болған жайтты Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Аманкелдиевке айтқан.
Оқушылар алғашында бұған сенбей, оқиға орнына барған. Олар өзенде баланың қалқып жүргенін көріп, оны жағаға алып шыққан.
Рамазан мен Ердәулет балаға тез арада медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде бала демалуға мүмкіндік алған. Осылайша, олар 6 жасар баланы өлімнен аман алып қалды.
Жасөспірімдер қаладағы №128 мектепте оқиды. Ердаулет Шыңғысхан 8-сынып, ал Рамазан Аманкелдиев 9-сынып оқушысы.