×

Мәңгілік Ел және Сарайшық көшелері: Биыл Астана жолдарын жөндеуге 23,3 млрд теңге бөлінген

Биыл қалада 54,3 шақырым жол жөнделеді

 Ая Өміртай 31.05.2023 | 13:44
Фото: Halyq Uni

Астанда биыл жол жөндеу жұмыстарына 23,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл сомаға жалпы ұзындығы 54,3 км болатын 72 көшені жөндеуден өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Алаш көпірінен Пушкин көшесіне дейінгі, Мәңгілік Ел учаскесіндегі Әл-Фараби даңғылдарын, Триумф аркасынан Хусейн Бен Талал көшесіне дейін (жаңа мешітке дейін), Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі, Уәлиханов көшесінің қиылысында Бөгенбай батыр даңғылынан Кравцов көшесіне дейін, Ш. Құдайбердіұлы даңғылынан Мұстафин көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін, Тұлпар көпірі сынды бірқатар көше жолдары кіреді.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының редакцияға берген ресми жауабында көшелерді жабу кезең-кезеңмен жүргізілетіндігін, сондай-ақ, Астана қаласының ПД Әкімшілік полициясымен келісілгенін жеткізді.

Жөндеу жұмыстары бұрынғы жөндеоген асфальтбетоны тозған учаскелерде жүргізіледі. Биылғы жөндеу жұмыстары 2008-2016 жылдары жөндеуден өткен учаскелерде жүргізіледі. Астана қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 868,3 км болатын 1 129 көшеден тұрады. Оның ішінде 90 пайыздан астам жол асфальтбетонмен жабылған (803,7 км) және қалған 9,3% жолдың қатты жабыны жоқ, – делінген редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпаздары ретінде танылған «АБЗ Плюс» ЖШС, «Компания Энергодор» ЖШС және «BCS Construction» ЖШС компаниялары биылғы орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқарады. 

Айта кетелік, былтыр астананың негізгі көшелердің бірі – Мәңгілік ел даңғылының орталық бөлігінің жабылып, қала тұрғындарын әжептәуір әбігерге салған еді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 2022 жылы астананың 131 көшесі жөндеуден өтетінін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама