Бірақ өздері қоқыс шығару үшін дұрыс ақша төлемейді екен
Түркістан облысының Сайрам ауданындағы 60 мыңнан аса халқы бар Қарабұлақ ауылы 5 жылдан бері қоқысқа көміліп келеді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Ресми түрде мердігер компания қоқыс шығаруға тиіс, ол тіпті шот-фактуралар жасайды. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар қоқысты өздері жинауға мәжбүр. Сол үшін айына екі рет көлікті жалға алып жүр. Айтуларынша, коммуналдық қызметтер көшелермен айына бір-ақ рет жүреді екен. Алайда түбіртектерін жоғары тарифтермен жібереді.
Бұрын 400 теңгеден төледік. Содан кейін 800 теңгеге дейін көтерілді. Бірақ мұндай бағаға олар қоқыс шығармайды. Бүкіл ауыл қоқысқа батып жатыр. Бұл компанияға тағы не қажет? Жұмыс істесін немесе шенеуніктер жұмыс істейтін басқа мердігерді іздесін. Жазда ол сасиды, содан соң егеуқұйрықтар, жәндіктер пайда болады. Олар ел-жұртты шағып, ауру тарайды. Шаршадық! – деп шағымданады ауыл тұрғыны Полатжан Хайдаров.
Жергілікті тұрғындар ауыл әкімі мен мердігерге бірнеше рет жүгінгендерін айтады. Алайда 5 жыл ішінде нәтиже байқамаған. Ашуға булыққан ауыл тұрғындары әкімдіктің жанына бір-екі қап қоқыс тастаған.
Тазалауға жауапты компанияның бастығы 5 жылда шығынға ұшырағанын айтады. Тұрғындар қоқыс шығару үшін дұрыс ақша төлемейді екен. Алайда мердігер жұрттың компанияға нақты қанша қарыз екенін айта алмады.
Шығынға баттық, халық қызмет үшін іс жүзінде ақы төлемейді. Жалпы, 4 көлік – 2 «ГАЗ-23» және 2 «КамАЗ» бар. Ақшаболмағандықтан, көлікті желіге толық шығара алмаймыз. Сондықтан ауылда бір ғана көлік жұмыс істейді, – деді «Медина-Н» өкілі Ағабек Жанбеков.
Бұл ретте жергілікті билік кәсіпкердің жағына шығып отыр. Ауданда қоқысты жинаудың жаңа тарифін бекіту туралы шешім қабылданған. Енді қызмет үшін ақы төлемейтін ауыл тұрғындарының қарызы сот арқылы шешіледі.