Президент Алматыда әлеуметтік нысандарды аралайды
Мемлекет басшысы Кореяның сыртқы істер министрімен де кездеседі
Халық үні
31.05.2023 | 10:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында мемлекет басшысы мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді, – делінген ақпаратта.
Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.