Жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру маңызды – Тоқаев
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатынын айтып өтті.
Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, - деп жазды президент.
Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз.
Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет, - деп жазды Тоқаев.