Ол қамауға алынды
Павлодар облысының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараздың 22 жастағы тұрғынын құрықтады. Жас жігіт қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген бұзақылық қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Оның 2021 жылғы 3 қазанда Тараздағы кафелердің бірінде бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды. Ол біраз уақыт Павлодар қаласында тұрған. Қазір ұсталған азамат Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеу бастамашысына хабарланды, - деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Айта кетейік, жылдың басынан бері Ертіс өңірінің жедел уәкілдері 22 қылмыскерді құрықтаған.