Halyq Uni логотип
×

Мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы Павлодар облысында ұсталды

Ол қамауға алынды

 Халық үні 20.04.2022 | 13:30
Мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы Павлодар облысында ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараздың 22 жастағы тұрғынын құрықтады. Жас жігіт қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген бұзақылық қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Оның 2021 жылғы 3 қазанда Тараздағы кафелердің бірінде бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды. Ол біраз уақыт Павлодар қаласында тұрған. Қазір ұсталған азамат Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеу бастамашысына хабарланды, - деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Ертіс өңірінің жедел уәкілдері 22 қылмыскерді құрықтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама