×

СҚО-да түрме қызметкері әріптесін көлікпен қағып кеткен

Ол ішкі істер органдарынан шығарылды

 Динара Амантай 30.05.2023 | 15:57
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері әріптесін көлікпен қағып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер Ішкі істер органдарынан шығарылды. Үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір ҚАЖД қызметкері болып табылатын жәбірленуші Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама