Қырғызстаннан Қазақстанға ірі көлемде есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды
Сотқа дейінгі тергеулер басталды
ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 27 мамырда Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып, 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 келі, гашиш – 38,2 келі) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталған.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды.
Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады.