×

Астанадағы «Балам-Ай» ҚҚ-да мүмкіндігі шектеулі 195 баланың құқығы бұзылған

Уәкілетті органдарға 5 қадағалау актісі енгізілді

 Динара Амантай 30.05.2023 | 11:35
Фото: www.washingtonpost.com

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы «Балам-Ай» қоғамдық қорының қызметіне тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі 195 баланың құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру барысында, церебралды сал ауруы, аутизм және т.б. ауруларға шалдыққан әрбір баланың ерекшеліктері ескерілмей, оларға арнайы әлеуметтік қызметтер бір типті жеке жұмыс жоспарымен көрсетілгені белгілі болды. Бұдан бөлек, әлеуметтік қызметтер көрсетілген ғимарат санитарлық және өртке қарсы нормалардың талаптарына сай келмейді.

Прокуратурамен анықталған басты мәселе – қаржыландыру мәселесін реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актінің жоқтығы салдарынан қаржыландырудың жеткіліксіздігі болды.

Тексеру қорытындысымен уәкілетті органдарға 5 қадағалау актісі енгізіліп, жауаптылар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Салалық басқарма уәкілдері маслихатқа қаржыландыру сомасын ұлғайту туралы бюджеттік өтініш дайындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама