×

TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Онлайн ойынды тарататын 100-ден аса аккаунт анықталған

 Динара Амантай 30.05.2023 | 10:38
Фото: видеодан скриншот

TikTok желісінде құмар ойынды ұйымдастырған 2 адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір TikTok желісінде құмар ойындар көптеп таратылып жатыр. Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалып, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы іске асады.

Желілік талдау нәтижесінде агенттік өкілдері онлайн ойынды тарататын 100-ден аса аккаунтты анықтаған. Мәселен, TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, қазір сотта TikTok желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама