×

Шымкентте екі полицей пара алғанын мойындады

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Халық үні 30.05.2023 | 09:48
фото: otyrar.kz

Антикор Шымкент қалалық полиция департаменті аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, өкінген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама