Қазір оның жағдайы орташа ауыр
Шымкентте 3 жасар балауса көпқабатты үйдің 5-қабат терезесінен құлап кетті.
Оқиға қаланың Республика даңғылы бойында болған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына балдырғанның белгісіз жағдайда құлап кеткені туралы хабарды сағат 15:00-де «103» жедел жәрдем қызметі хабарлаған.
2020 жылы туған бала дереу орталық ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы орташа ауыр.