Түркияда коронавирус пандемиясы салдарынан 80 мыңға жуық адам қаза тапты
Түркияда коронавирус пандемиясы салдарынан 80 мыңға жуық адам қаза тапты. Бұл туралы Селжұқ университетінің Вакциналарды зерттеу және әзірлеу орталығының профессоры Осман Эрганис Аданали Астанада өткен «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумы барысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айтуынша, Түркияда азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның 170 млн дозасы салынды. 50 млн – Қытайдан алынған Sinovac, 4 млн – TurkoVac, 150 млн – Германиядан әкелінген вакцина.
Жалпы алғанда коронавирустан 70-80 мың адам қайтыс болған.
Қазақстан QazVac вакцинасын әзірлеп жатқан кезде Түркияда да коронавирусқа қарсы вакцина дайындамақ болдық. Құрамы да бірдей болған. Бірақ менің емес, басқа әріптесімнің бастамасымен вакцина шығарылды. Оның аты – TurkoVac. QazVac вакцинасы – жемісті еңбек. Орта Азияда мамандар аурудың емін табатынына сенімді болдым, - деді Осман Эрганис Аданали.
Осман Эрганис Аданали TurkoVac вакцинасын не себепті 4 млн адам ғана салдырғанын түсіндірді. Айтуынша, түрік ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны кеш шығарған.
«Қазір ешкім вакцина салдырып жатқан жоқ. Кейінгі тәуліктерде коронавирустан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Алайда бұл пандемия аяқталды дегенді білдірмейді. Қазір тұмау сияқты да өтіп жатыр», - деді түркиялық профессор.