Halyq Uni логотип
×

Оралда 18 жастағы қыз 8-қабаттан секіріп кеткен

Мәйіті Орал қалалық сот-медициналық сараптамасына жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 29.05.2023 | 17:05
Оралда 18 жастағы қыз 8-қабаттан секіріп кеткен
фото: ашық дереккөз

Орал қаласында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Бойжеткеннің денесі 18 мамырда сағат 12:30 шамасында табылған. Ол қалада 4-шағын аудандағы көпқабатты үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен.

Марқұмның мәйіті Орал қалалық сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Қазір ҚК-нің 105-бабы 1-тармағы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама