Олар бұған дейін жоғалып кеткен болатын
2021 жылғы желтоқсанда Ерейментау полициясы бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам оның 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген 14 бас жылқысы жоғалғанын айтты. Шығын сомасы 7,5 млн теңгені құрады. Тергеу бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 188-1-бабы 2-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша енгізген.
Ерейментау АПБ қызметкерлері үш айдан астам уақыт бойы барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жануарлардың жоғалып кету қаупі бар аймақтағы жыралар, бос жерлер, орман алқаптары, сондай-ақ мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер, мал етін өткізудің ықтимал базарлары тексерілді, – дейді полиция.
12 сәуірде Қызыл-Ссор көлінде суға батқан жылқылардың ұшасы табылды. Жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар резиналы қайық пайдаланып, су қоймасынан жануарлардың ұшаларын өз күштерімен шығарып алды.
«Өзінің табиғаты бойынша көл жартылай тұщы, жартылай тұзды және төмен температурада толық мұздануға ұшырамайды. Малдың қыста мұздың жұқа қабатының астына түсіп өлгені анықталды», – делінген ақпаратта.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.