×

Қапшағай су қоймасында 5 адам құтқарылды

Балалардың ата-анасына айыппұл салынды

 Динара Амантай 29.05.2023 | 13:33
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Қапшағай су қоймасында 5 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 15:45-те кезекші бөлімге Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, «Золотые пески» демалыс базасы ауданында шомылуға тыйым салынған орында 5 адам отырған үрлемелі құрылғыға байланған гидроциклдың сынғаны туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 1986 жылы туған ер адам, 1984 жылы туған әйел, 2007 жылы туған жасөспірім, 2006 және 2013 жылы туған екі қыздың жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды.

Бесеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Ата-аналарға қатысты ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 3 құтқарушысы Қанат Қалиев, Елдар Елжан және Ержан Серік жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама