Алматы облысында бензин құйылған құтымен ойнаған бала жансақтау бөліміне түсті

Динара Амантай

Баланың денесін ІІ-ІІІ дәрежелі термиялық күйік шалған

Фото: Halyq Uni

Алматы облысында бензин құйылған құтымен ойнаған 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, 27 мамырда сағат 18:40-та кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған баланың күйік алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу ТЖД қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін екі баланың жеке тұрғын үйдің ауласында ойнағаны анықталды. Содан кейін олардың біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жағып, абайсызда мойын, арқа, бөксе, оң иық аймағында II-III дәрежелі 20-29% термиялық күйік алған. Соның салдарынан ол Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Алматы облысының ТЖД кеңес береді:

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- жанғыш заттары бар құтыларды балалардың қолы жететін жерлерде сақтауға болмайды;

- балаларға сіріңкенің ойыншық емес екендігі туралы түсіндірме әңгімелерін жүргізіңіз;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.