Halyq Uni логотип
×

Есік қаласының 57 жастағы тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Ол екі әйел алған және екеуі де балаларымен бір үйде тұрады

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 13:00
Есік қаласының 57 жастағы тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында ер адамның екі қызын 11 жасынан бастап зорлап келгені туралы ақпарат шықты. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы angry_taldyk паблигінде жарияланған болатын. Журналист Сандуғаш Дүйсенова оиға Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында болғанын жазды. Оны оқырмандардың бірі хабарлаған.

Әкесі алдымен үлкен қызын зорлаған, сосын кішісін! Осы жылдар бойы олармен жыныстық қатынасқа түскен, - делінген жазбада.

Паблик мәліметінше, балалардың анасы бұл туралы білген, бірақ үндемеген. Ал ер адам болса, екі әйел алған және екеуі де балаларымен бір үйде тұратыны айтылған.

«Қыздар бой жеткенше осы уақыт бойы шыдап келген. Кейін ақша жинап, танысыма қашып келген. Біз Талдықорған полициясына арыз жаздық», - делінген жазбада.

Автор мәліметінше, зорлау дерегіне дәлел де бар. Қыздар оқиға барысын аудиожазбаға түсіріп алған көрінеді. Онда бәрі естілетіні айтылды. Бұл факт аудандық полицияға тіркелген.

Қазір 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі, - делінген ресми хабарламада.

ПД мәліметінше, бұған дейін бұл дерек бойынша ешкім полицияға хабарласпаған. Тергеу барысы облыстық ведомство басшысының ерекше бақылауына алынған. Толық ақпараттың мүмкіндігінше тезірек берілетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама