Halyq Uni логотип
×

Ақтаудағы бір мектепте 1-сыныпты 9 жұп егіз бала аяқтады

Жалпы, қазір ол білім ошағында 17 егіз оқушы бар

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 10:55
Ақтаудағы бір мектепте 1-сыныпты 9 жұп егіз бала аяқтады
фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы №12 мектепте 17 жұп егіз бала білім алады. Соның 9-ы биыл 1-сыныпты аяқтайды, - деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Былтыр мектепке осынша егіз келгенде ұстаздар да таңқалған екен. Бір-бірінен аумайтын бүлдіршіндерді бастапқыда бір сыныпта оқытпақ та болған. Бірақ мұғалімдерге бәрін бірдей айыру қиын болатындықтан, бірнеше сыныпқа бөлген.

Мектеп директоры Жаннат Әнесова осы мектепте 1985 жылдан бері еңбек етеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 30-дай егіз оқушы мектеп бітірген.

Былтыр 1-сыныпқа 265 бала қабылданып еді. Сыныптарға бөліп жатқанда қарасақ, 9 егіз шығып тұр екен. 12 сынып ашқасын соларды бір-бір сыныпқа бөліп отырғыздық. Ал жалпы қазір оқып жатқан 17 егізіміз бар. Олар – 3, 4, 5 және 8, 9-сыныпта. 9-сыныпты егіз қыз бен ұл бітіріп жатыр, - дейді мектеп директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама