Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында болған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған. Сағат 18:30-да олардың бірінің денесі судан шығарылды. Екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Ұлдардың екеуі де 12 жаста.
Құтқарушылар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.