×

Астана әкімдігі зират орнына тұрғын үй салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Зираттың санитарлық-қорғаныс аймағы болады

 Халық үні 27.05.2023 | 15:29
Фото: Владислав Воднев

Астанада зират орнына тұрғын үй салынатыны туралы ақпарат тарады. Есіл ауданы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мазар орнына ғимараттар салынбайды, ол жер абаттандырылады. Зираттың санитарлық-қорғаныс аймағы болады. Ол тұрғын үй аумағынан елу метр жерде орналасады. Сол аумақтан соң ол жерде басқа да нысандар болуы мүмкін. Алайда тұрғын үй салуға кеңес бермейміз, - деді Есіл ауданы қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрәділ Ғалымжан.

Айта кетейік, қала тұрғындары тұрғын үй салынғалы жатыр деп дабыл қаққан жерде 20 ғасырда мазар болған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама