×

Мектептерде ата-аналар академиясы құрылады

Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейтуге көмектеседі

 Халық үні 27.05.2023 | 14:48
Фото: Halyq Uni

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектеп қабырғасында ата-аналар академиясы құрылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектеп қабырғасында ата-аналар академиясын құруды қолға алып отырмыз. Академияның басты мақсаттарының бірі – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі тиісті заңды ақпаратпен қамтамасыз ету. Соңғы зерттеулер 60 пайызға жуық ата-ананың баланы тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж екенін көрсетті. Сол себепті мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту мақсатында академия үлкен рөл атқарады деген үміт бар, - деді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін министр балалар үшін әлеуметтік желіні шектеуге қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желінің мәдениетіне көбірек мән беруіміз керек. Ол балалардың психикасына кері әсер етуі мүмкін. Кезінде «Синий кит» деген мәселе шықты. Сол кезде халық «мемлекет неге бақылауда ұстамайды?» деді. Неге шектеу қойылмайды деген мәселе көтерілді. Шектеу деген алаңсыз шектеп тастау деген сөз емес. Тиісті, өзіне қажетті ақпарат балаға қолжетімді болуға тиіс. Баланың психикасына, оның қалыптасуына зиянды дүниелердің барлығы ата-ана ретінде мен үшін де маңызды, - дейді Ғани Бейсембаев.

Айтуынша, мұны баланың психикасына әсер ететін дүниелерден бойын аулақ ұстауға көмектесетін жол деп қабылдау қажет.

Айта кетейік, елімізде балалар әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болатын құжат жобасы ашық талқылауға шығарылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама