Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Динара Амантай

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды

Фото: Halyq Uni

Шымкентте массажисті қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Тұран аудандық ПБ-ның «102» арнасына тонаушының құрбаны болған әйел хабарласқан. Шақырту алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Полицейлер жәбірленушімен сөйлесу барысында хабарландыру сайты арқылы ер адамның хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс бергенін анықтады. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, артынша қашып кеткен.

Аталған жайтты тергеушілер ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі («Тонау») бойынша тіркеуге алды. Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін тәртіп сақшылары бірқатар іс-шараларды жүргізді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер оны тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазір ер адам қамауға алынды.