×

Павлодар облысында жол апатынан жасөспірім зардап шекті

Баланың ата-анасына 100 мың теңге айыппұл салынды

 Динара Амантай 27.05.2023 | 10:32
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 мамырда Павлодар ауданы Мичурино ауылында 27 жастағы ауыл тұрғыны басқаратын Priora көлігі мотоциклмен соқтығысып қалған. Салдарынан 14 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті. Жасөспірім медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді.

Көлік жүргізушісіне қатысты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция кәмелетке толмаған баланың ата-анасын ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартып, 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды. Сондай-ақ ювеналды полиция инспекторы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама