Бірнеше судья теріс қылығы үшін жауапқа тартылды

Динара Амантай

Тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы

Фото: Halyq Uni

Кеше Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот алқасының кезекті отырысы өтіп, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы аудандық сотының судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қарағанды облыстық сотының судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оларды жауапқа тартудың негізі себебі – судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау.

Сот алқасының шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Аудандық соттардың төрт судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық құрамының болмауына және оның елеусіздігіне байланысты, сондай-ақ Сот алқасының шешімі бойынша судья қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды.