Тексеру нәтижесінде 100-ден аса баланың құқығы қорғалды
Елордалық прокуратура алимент өндіру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тексеру нәтижесінде 100-ден аса баланың құқығы қорғалып, 68 млн теңгеден аса қаржы өндірілді.
Сонымен қатар 120 борышкердің банктік шоты мен мүлкіне тыйым салынып, 368 борышкерге елден шығуға шектеу қойылды. Сондай-ақ 81 борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылды.
Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 47 борышкер әкімшілік, 7 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды. 68 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, қала прокуратурасының үйлестіруімен бүгін кезекті бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.