Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды
Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
Биыл Павлодар облысының полициясында 294 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мәселен, 17 мамырда Павлодар қаласының 89 жастағы тұрғынына белгісіз ер адам үй телефонына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі болғанын айтқан. Мәселені шешу үшін 5 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Жәбірленуші оларға тек 2 млн теңгесі бар екенін айтқан.
Алаяқтар ақшаны зейнеткердің үйінен келіп алып кеткен. Біраз уақыттан кейін қызы үйге келді, осы кезде алаяқтар үй телефонына қайта қоңырау шалып, ақша жетіспейтінін айтты. Содан кейін қызы анасының алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын түсініп, полицияға қоңырау шалды.
Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында Павлодар облысы криминалдық полиция қызметкерлері астаналық әріптестерімен бірлесіп, Астана қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу барысында ол Telegram мобильді қосымшасында ақша тасымалдау үшін курьер қажет деген хабарландыруды тапқанын түсіндірді. Сілтеме бойынша жүріп, белгісіз адаммен байланысып, ол оның жалақысы әр ақша аударымы мен тасымалының 10% екенін айтқан. Ол бірден келісіп, оның нұсқауы бойынша қолма-қол ақша алып, екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттарына аударып отырған.
«Курьерге» қатысты осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысқаны үшін ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.