Денсаулық сақтау министрлігінің мүлкі Назарбаев университетіне беріледі
Оқу орны 516 млн 911 мың 331 теңгенің нысандарын алады
Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандарды Назарбаев университетіне тапсыру жоспарланып отыр.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында хабарланды. Ондағы хабарға қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі нысандар Назарбаев университетіне берілсін деген Үкімет қаулысының жобасы шыққан.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін, – делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Енді Назарбаев университетінің меншігіне жалпы сомасы 516 млн 911 мың 331 теңге болатын құрылысы аяқталмаған мына нысандар өтеді:
- 10 Кв электрмен жабдықтау желілері – 26 434 теңге;
- ТП-10/0Кв және КЛ 6-10 Кв құрылысы – 24 267 667 теңге;
- Электрлік монтаждау жұмыстары – 13 217 230 теңге;
- «Астана қаласында 180 төсектік Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» КеАҚ жобалау-сметалық құжаттамасы – 345 200 000 теңге;
- «Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасы – 134 200 000 теңге.
Үкімет қаулысы 9 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады.