Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды
Ол жүк пойызы вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған
Шетелдік азамат жүк пойызымен Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстаған.
Шекаралық бақылауды іске асыру барысында жүк пойызы вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекараны бұзушы анықталды.
Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.