×

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды (ВИДЕО)

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 26.05.2023 | 10:26
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша ҚР Бас прокуратурасының адам өліміне қатысты күдіктіні ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында болған. Жанжал кезінде күдікті 7 рет пышақ жарақатын салып, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған. Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама