Павлодарда полиция балаларды аңдыған 53 жастағы ер адамды ұстады
Күдіктінің фотосы әлеуметтік желіде жарияланды
Павлодарда полицейлер балаларды аңдыған 53 жастағы ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Instagram-дағы Zhaloby_pavlodar парақшасында біртүрлі киініп, мектептің сыртында балаларды бақылап тұрған фото жарияланды. Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 мектебінің қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық оператор бос болмады. Ата-аналар, сақ болыңыздар! - деп жазылған хабарламада.
Полиция басқармасы жағдайға түсінік берді.
Кешкі сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 мектебінің жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол Павлодарда тұрады. Күдікті бөлімшеге жеткізіліп, оның кім екені анықталды, - деп жазылған хабарламада.
53 жастағы күдікті полициямен сөйлескенде өзін дұрыс ұстамаған. Содан кейін ол ауруханаға жатқызылды.