Шымкентте білім саласына бөлінген ақша тағы ұрланған
67 миллион теңгеге жуық қаржы қолды болды
Шымкентте білім саласына бөлінген ақша тағы жымқырылды. Қалада жыл басынан бері жемқорлық фактісіне байланысты 16 қылмыстық іс қозғалған.
Қолда бар мәліметке қарағанда, сыбайлас жемқорлықтың кесірінен білім саласына бөлінген ақшаның 67 миллион теңгеге жуық қаржысы қолды болған.
Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, Шымкентте жемқорлық фактілері оқытушыларды жұмысқа қабылдау, мұғалімдерді аттестациядан өткізу немесе түрлі себеппен мектеп ұжымында қаржы жинау кезінде көп кездеседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша, кейбір қызметкерлер өз лауазымдарын пайдаланып, қаражатты тиісті жерге жұмсамай, сыбайлас жемқорлықпен айналысады.