×

«Жұмыс тобы құрылды»: елордада наразылыққа шыққан аналардың мәселесі қаралып жатыр

Олар 14 маусымға дейін жауап беруді сұрап отыр

 Еркеғали Болатұлы 25.05.2023 | 15:41
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек балалардың аналары көтерген мәселелерді қарастыруға кірісті.

Вице-министр Назгүл Сағындықованың айтуынша, министрлік наразылыққа шыққан аналардың проблемасынан хабардар.

Бұған дейін біз ол шағымды естідік, білеміз. Осы жолы олар жиналып, өз өтінішін топпен тапсырғысы келген, - деді Сағындықова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық ұйымының бастамасымен 18 мәселе көтеріліп отыр.

Соның ішінде тұрғын үй, әкімдікке қатысты мәселе, шипажай-курорттық демалыс, оқу бағдарламасы, иппотерапия және тағы басқа мәселелер бар. Барлығы әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады. Олар 14 маусымға дейін жауап беруді сұрап отыр. Қазір біз жұмыс тобын құрып, жұмысты бастап кеттік. Оған шағым түсірген аналар да кіреді, - деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетсек, өткен аптада Астанада мүгедек балалардың аналары наразылыққа шығып, президентпен кездесуді талап еткен еді. Себебі олардың мәселесі 4 жылдан бері шешілмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама