Halyq Uni логотип
×

Қырғыз тарапы суды тиісті деңгейде бермей отыр – Жамбыл облысы әкімі

Аймақ басшысының айтуынша, өңірге ағын судың 80%-ы Қырғызстаннан келеді

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 13:48
Қырғыз тарапы суды тиісті деңгейде бермей отыр – Жамбыл облысы әкімі
Фото: too.kg

Жамбыл облысына ағын судың 80%-ы Қырғызстаннан келеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аймақ басшысы өңірде су мәселесі өзекті екенін жеткізді.

Бүгінде Жамбыл облысы (Жамбыл, Байзақ аудандары) 80% суды Қырғызстаннан алады. Онда екі ірі су қоймасы бар: Қиров (Жамбыл, Байзақ аудандарына байланысты), Орта Тоқай су қоймасы (Қордай ауданына байланысты). Қателеспесем, осыдан 3 апта бұрын экология министрлігінің өкілі, «ҚазСуШар» мекемесінің басшысы Бішкекке барды. Бүгінде (Қырғызстан тарапы) тиісті көлемде бізге суды беріп жатқан жоқ. Бұл – проблема, - деді Нұржан Нұржігітов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі өңірдегі су тапшығылы мәселесі қалай шешіліп жатқанына тоқталды.

«Біріншіден, Сарыбұлақ, Қайнар елді мекендерінде (су мәселесін) шешу үшін былтыр Шу өзені арқылы Георгский магистральный каналы өтеді. Онда азаматтар суды сорғылар (насостар) арқылы пайдаланады. Осылайша, судың көлемі жетпей қалады. Сондай-ақ Шу өзені бар. Ондағы суды көтеру үшін биыл біз 4 насос қоямыз. Республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірледік. Биыл бастап, 2024 жылы жұмысты аяқтаймыз. Сонда біз Шу өзенінен суды Сарыбұлақ ауылына жеткізе аламыз», - деді облыс әкімі.

Екіншіден, әкім өңірде су қоймалары салынатынын атап өтті.

Су ресустары комитеті Қордай ауданында екі су қоймасын салу үшін құжаттарды дайындап жатыр. Биыл сол құжаттар дайын болады. Келесі жылы біз екі су қоймасын салуды бастаймыз. Оларды 2024-2025 жылдары аяқтасақ, әр су қоймасына 15 млн куб жиналса, 30 млн куб болады. Бұл су тапшылығы (осы су қоймалары арқылы) каналдарға секундына 1-2 куб суды береміз, - деп сөзін түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама