×

Жамбыл облысының әкімі өңірде АӘК алушылар саны азайғанын айтып мақтанды

Жаңа жұмыс орындарын ашуға шамамен 14 млрд теңге бөлінген

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 13:01
көрнекі фото: Halyq Uni

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында өңірде жыл сайын атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азайып жатқанын айтып мақтанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы жаңа жұмыс орындарын құру туралы тапсырма жоспарға сай орындалып жатқанын атап өтті.

Биыл 13 400 жұмыс орнын құру жоспарланды. Қазір 4 486 жұмыс орны құрылды. Биыл жалпы саны 54,2 мың адамды жұмыспен қамтуға 13,5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осы жұмыстардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасылар саны жыл сайын азайып жатыр. Мысалы, 2021 жылы АӘК алушылар саны 61,4 мың болса, биыл бұл көрсеткіш 46,5 мыңға дейін төмендейді деген жоспарланып отыр, - деді облыс әкімі.

Нұржан Нұржігітов облыстың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін өңірде жалпы 83,7 мың жұмыс орнын құру жоспарда барын жеткізді.

АӘК – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан жасалатын төлем.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама