50 млн теңгенің өнімі сот шешімімен жойылатын болды
Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейптерді заңсыз әкелген азамат жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ер адам 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Департамент қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады. Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық вейп табылды. Табылған өнімнің сметалық құны – шамамен 50 млн теңге.
Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.