×

СҚО-да жұмыртқаны заңсыз қымбаттатқан құс фабрикасына айыппұл салынды

Мекеме бұған дейін де осыған ұқсас жағдаймен жауапқа тартылған болатын

 Динара Амантай 25.05.2023 | 10:40
Фото: БҚДА баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында тауық жұмыртқасын негізсіз көтерген құс фабрикасы жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БҚДА баспасөз қызметінің мәліметінше, «Адель құс» ЖШС-не қатысты жүргізілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бағаларды белгілеу және қолдау жөніндегі келісілген іс-қимылдар бөлігінде бұзушылық фактісі анықталған.

Тергеп-тексеруді жүргізудің негіздемесі СҚО аумағында тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу бағасын белгілеу және ұстап тұру жөніндегі құс фабрикаларының келісілген іс-әрекеттерінде көрсетілген бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарламаны орындамау болды.

Қызылжар аудандық сотының қаулысымен «Адель құс» ЖШС ӘҚБтК 159-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды.

Жоғарыда аталған сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, өткен жылы мамырда аудандық соттың қаулысымен аталған мекеме осындай бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама