×

Соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарыла ма – министр жауабы (ВИДЕО)

Ведомство басшысы шешім қабылдау оңай тимегенін айтты

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 10:56
коллаж: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес, нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты болып отыр. (Соңғы қоңырауды, – автор) қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына ауысу немесе пәндегі оқу сағаттарын қысқарту. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында мұндай шешімді қабылдауға жіті, дұрыс сараптама жүргізілуі керек», - деді министр Үкімет сағатынан соң.

Бұдан былай Қазақстанда оқушылар соңғы қоңырау мерекесін 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады, - деді комитет басшысы.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекесін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама