Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлаған ер адам ұсталды
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталдлы, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 мамырда Арыс аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның денесінен басқа да жарақаттар анықталған жоқ.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.