Halyq Uni логотип
×

Елімізде кедейлік шегі өзгереді

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2023 | 09:43
Елімізде кедейлік шегі өзгереді
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрықты бекітті.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына жетті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс минимумы 40 567 теңге болса, кедейлік шегі 28 397 теңгеге тең болады.

Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген орташа табыстың 50 пайызы мөлшерінде айқындалатын болады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама