×

Елімізде өрт сөндіру техникасын сатып алуға 623 млн теңге бөлінеді

Адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау үшін Ми-8 тікұшақтары сатып алынады

 Халық үні 25.05.2023 | 09:05
Фото: Halyq Uni

Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтеді. Оған ел аумағында ірі орман өрттерінің өршуі барған сайын өзекті проблемаға айналғаны себеп болды.

Жаңа қаулыға сәйкес Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады.

10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады.

Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама