Щучье қаласында тоғыз көшенің аты өзгереді

Дастан Жұмабекұлы

Емельян Пугачев пен Степан Разин көшелері тарих қойнауына кетеді

фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының Щучье қаласында тоғыз көшенің атауын өзгерту жоспарланып отыр.

Осы мәселеге қатысты Бурабай ауданының әкімдігі қаулы шығарып, оған аудандық мәслихат келісім берген.

Сонымен,

  • Бурабай ауданының мәслихаты Заречный 1 линия шағын ауданын – Абай көшесіне;
  • Октябрьская көшесін – Еркін Әуелбеков көшесіне;
  • Коммунистическая көшесін – Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
  • Трудовая көшесін – Талғат Бигелдинов көшесіне;
  • С. Разин көшесін – Балуан Шолақ көшесіне;
  • Пугачев көшесін – Марфуға Бектемірова көшесіне;
  • Едомский көшесін – Бауыржан Момышұлы көшесіне;
  • Абай Құнанбаев көшесін – Қылшақты көшесіне өзгерту туралы шешім шығарады.

Өзгерістерді қоғамдық талқылау Ашық НҚА сайтында 6 маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, 2019 жылы қаланың 32 көшесінің атауы өзгертілген.