Елорда іргесінде 18 жастағы жігіт жоғалып кетті
Полицейлер мен туыстары оны таба алмай жатыр
Елорда маңындағы Қоянды ауылында 18 жастағы Әділет Оразбек із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Биыл 17 мамырда кешкі сағат 16:00 шамасында ауыл тұрғыны үйінен шығып, қайта оралмаған.
22 мамырда Әділеттің анасы баласын өз күшімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағасын полицияға хабарласты. Әйелдің айтуынша, ұлы сол күні сағат 19:00-де ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, жақын арада үйіне келетінін айтқан. Бірақ 18 жастағы жігіт сол күйі келмеген. Әділеттің қайда жүргенін анықтау үшін полиция іздестіру шараларын жүргізді. Таныстары мен достарынан сұрастырды, - деп жазылған хабарламада.
Әділет Оразбекті іздеуге ПД бөлімшелері, Целиноград аудандық ПБ жеке құрамы, Астана қаласының ПД қызметкерлері тартылды.
Тәртіп сақшылары 18 жастағы жігіттің қайда жүргені туралы ақпарат болса немесе оның қайда екенін білетін адамдар болса, дереу 102 нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.