×

Талдықорғанда шетелдік көлік 50 жастағы ер адамды қағып кетті

Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған

 Динара Амантай 24.05.2023 | 15:54
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда шетелдік көлік қаққан 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше кешке Абылай хан көшесінде болған. Талдықорған қаласының BMW автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетіп, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 44 адам түрлі жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама