Алматыда газбен жабдықтаушы мекемеге 80 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Ол өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған
«APL Construction «ЖШС» мекемесіне үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті APL Construction ЖШС-ына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Серіктестік өзінің үстем жағдайын инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы, газбен жабдықтаудың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражаты есебін теріс пайдаланған. Бұл тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіруге әкеп соқты.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Бүгінде сот қаулысы толық көлемде орындалды.