Қаңтар оқиғасы: Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған екі азамат анықталды

Айнұр Шошаева

Мессенджер арқылы арнайы нұқсаулық таратқан тағы бір азамат анықталды

Қаңтар оқиғасы, Талдықорған қаласы

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға 20-100 долларға дейін ақша төлеген. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласындағы қиратуларға, азаматтардың мүліктерін жоюға және мемлекеттік нысандары басып алуға қатысқандарды қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100-ге дейін АҚШ доллары төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталды. Және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдікті деп танылған адамдардың жауабымен расталады», - деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде мессенджер арқылы арнайы нұқсаулық таратқан тағы бір азамат анықталды. 4 қаңтарда Жамбыл облысының тұрғыны Алматы қаласында жүріп телеграм-канал ашып, оған бірнеше мың адам жазылған.

«Осы телеграм-канал арқылы оның қатысушылары баррикадалар құру, Молотов коктейлдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отырған. Кейін 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік нысандарына жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді. Күдікті анықталып, қазір қамау отыр», - деп қосты прокуратура өкілі.