Ұрланған мал Түркістан облысынан табылып, тәркіленді
Алматы облысында құны 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқыны барымталағандар қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 сәуірде Кеген ауданы ПБ-ға Сарыкөл ауылының 59 жастағы тұрғыны Қарқара кентінің маңындағы жайылымнан құны 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқысының ұрланғаны жөнінде арызданған болатын.
Дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Мал ұрлау») бойынша аудандық полицияның СДТБТ-да тіркелді. Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облысының ПД КПБ қызметкерлері Кеген ауданының КПБ қызметкерлерімен бірлесіп, 18 мамырда 28, 27 және 26 жастағы үш күдіктіні ұстады.
Қазір тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде. Ұрланған мал Түркістан облысының Қарабұлақ ауылынан табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.