×

«Мені тұрмысқа бермек болды»: Қарттар үйінен қуылған кейуана далада қалды (ВИДЕО)

Айтуынша, орталық басшылығы бір күнде киімдерін қолына ұстатып, далада қалдырған

 Халық үні 23.05.2023 | 20:36

Астанадағы қарттар үйінде қатқан нан мен көгерген ет беретінін айтып сұқбат берген 66 жастағы Айжан Ахметова шындықты жария еткені үшін орталықтан қуылғанын айтып, ашынды.

Оның ешбір жақыны жоқ. Қарттар үйінен басқа панасы да жоқ. Енді қайда барарын білмейді. Айтуынша, орталық басшылығы бір күнде киімдерін қолына ұстатып, далада қалдырған. Ол «Шарапат» орталығындағы былық әшкереленбесе, пойыз астына түсіп өлетінін айтып отыр.

Айжан Ахметова 24 жасында жесір қалған. Одан кейін тұрмысқа шықпаған. Кейін баласымен жалғыз қалған келіншекті бауырына басып, қартайған жалғыз қалмаудың амалын жасаған. Бірақ ол келіншек бір жылдан кейін теңін тауып, бөлек кеткен. Ата-анасы мен туған ағасы дүние салған соң, зейнеткердің Қарттар үйінен басқа барар жері болмаған.

Кейіпкеріміз бұған дейін өзіне қол салмақ болғанын жасырмады. Мұндай жағдайға орталық басшысының бұрынғы орынбасары Ардақ Бейсембайқызы жеткізгенін айтқан еді.

Ол «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 2018 жылы келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама